Оралда студенттер арасында жас ақындар мүшайрасы өтті

IMG 5662

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Жастар жылына орай студенттер арасында университетішілік жас ақындар мүшайрасы өтті.

Жыр кешін қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Индира Сағындыққызы мен факультет деканының орынбасары Ганмиркүн Ганмирханқызы ашып, студент ақындарға сәттілік тіледі.

Үш кезеңнен тұратын жыр додасында қатысушылар патриоттық тақырыптағы өлеңдерімен елге деген сүйіспеншілігін жеткізумен қатар, Елбасы Жолдауларында көтерілген мәселелерді жырға қосса, «Поэзия – сезімдер патшалығы» атты бөлімде сыр мен сезімге толы туындыларын оқыды. Жыр додасында жас ақындардың әртүрлі тақырыптағы өлеңдері де бір серпілтті. Сол жерден берілген сөздерге шумақтар ойлап, өлең құрап, шеберлік пен таным көкжиектерінің кеңдігін таныта алды.

Филология факультетінің деканы Әскен Самұратұлы төрағалық жасаған қазылар алқасы құрамында республикалық айтыстардың жүлдегері, ақын Талғат Мықи мен танымал ән авторларының бірі Орынбек Меңдіқұл қазылық етті.

Жыр кешінің қорытындысы бойынша бас жүлдені филология факультетінің 2-курс студенті Алмаш Асылбекова иеленді. Жүлделі I орынды Аманжол Сламғали (филология факультеті), II орынды Айзада Бахытжанова (филология факультеті), III орынды Жақсылық Асан (жаратылыстану-география факультеті) иеленіп, университет ректорының атынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

- Жастар шығармашылықтарын осылай шыңдайды. Болашақ үлкен жыр додаларында топ жаруы үшін үлкен дайындық деп білемін. Студент ақындар бірден жарқ етіп шықпауы мүмкін. Талантты шыңдаса ғана нәтиже әкелері сөзсіз. Жас ақындарымыздың мазмұнды өлеңдерін көріп қуанып отырмын. Өлең құрау техникасы мен көркемдік ерекшелігі де көңіл қуантады. Жастар арасында шынайы рухани жаңғыру осындай тағылымды шаралар арқылы ұлықталады деп ойлаймын, -дейді мүшайраның тәуелсіз сарапшы болған елге танымал ақын Жансая Мусина.

Рита Сұлтанғалиева,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың баспасөз қызметі

 

Мақалаға сілтеме

 

IMG 5652

IMG 5650

IMG 5691

IMG 5672

IMG 5677

 

 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua