М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Тарих, экономика және құқық» факультеті «Құқықтану» мамандығы 3 курс студенттерінің «Жақсы іс» акциясы туралы есебі

zhaksi is 3-min2015 жылдың 19 желтоқсаны күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті  «Тарих, экономика және құқық» факультеті «Құқықтану» мамандығы 3 курс студенттері университетте өтіп жатқан «Жақсы іс» акциясы аясында Орал қаласындағы № 15 зерде бұзылыстары бар мектеп-интернатына барып, балаларды бір қуантып қайтты. Студенттер балаларға қысқы киім-кешек пен әр түрлі тәтті дәмдерін ала келді. Акция барысында балаларға арнап алынған киім-кешектер мен тәттілер үлестіріліп, «Құқықтану» мамандығының 08301 - 08302 топ кураторы Айгүл Орынбайқызы балаларға жақсы оқып, тәртіпті болып, оқуда үздік, өмірде табысты, еңбекте жемісті болуларын тіледі.

Балалар өз кезегінде студенттерге рахметтерін айтып, өз алғыстарын білдірді. Акция соңында № 15 зерде бұзылыстары бар мектеп-интернаты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мектеп-интернат ұжымы атынан студенттерге мүмкіндігі шектеулі балалардың тағдырына бей-жай қарамай, осындай қайырымы мол іс жасап жүргендеріне сүйсіне қарап, алғысын жеткізіп, Айгүл Орынбайқызына және «Құқықтану» мамандығының 08301-08302 топ суденттеріне алғыс хат табыстады.

zhaksi is 1-min zhaksi is 2-min zhaksi is 4-min  zhaksi is 6-min zhaksi is 7-min zhaksi is 8-min zhaksi is 9-min zhaksi is 10-min zhaksi is 11-min

 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua