70 летию посвященное юбилею акына Акуштап Бактыгереевой республиканский конкурс молодых акынов «Отанға, туған Далама жыр арнау – қарыз, борышым»

BaktygereevaХалықаралық  «Алаш»  әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның  70  жасқа толу мерейтойына арналған республикалық  «Отанға,  туған  Далама  жыр арнау – қарыз, борышым»  атты  жас  ақындар  мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

Мүшәйраның  мақсаты:

Халықаралық «Алаш»  сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның мерейтойын жоғары деңгейде атап өту; Ақынның жетістіктерін, өмірі мен шығармашылығын мадақтау, жыр жолдары арқылы қалың қауымға насихаттау; Жас ақындардың талантын шыңдау және оларды ынталандыру. Мүшәйра тақырыптары:
1.«Жырымды Сізге арнадым» – ақын  Ақұштап  Бақтыгерееваға  арналған  өлең-жыр  (көлемі шектелмейді);

2.Еркін тақырып (көлемі шектелмейді).

Қатысушылар: Мүшайраға Қазақстан Республикасының барлық ЖОО-ның студент-ақындары  қатыса  алады.

Мүшәйраның  талаптары: Мүшәйраға қатысушы талапкер берілген екі тақырыпқа сай ешбір жерде, әлеуметтік желілерде де  жарияланбаған, ешбір байқауға қатыспаған авторлық өлеңдерін ұсынады. Авторлар өлеңдерінің электронды (CD-дискде немесе электрондық поштаға) және қағаз нұсқасына толық аты-жөндерін жазып, 2014 жылдың 21 сәуіріне дейін тапсырулары тиіс. Мүшәйрада ақындар  өлеңдерін өздері көркемдеп оқиды. Сонымен  қатар автор өзі туралы ұсынылып  отырған  №1 қосымшаға сай мәліметтерді жолдауы қажет. Мүшәйраға қатысу үшін жолданған құжаттар кері қайтарылмайды және ұйымдастыру алқасы авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне және жинаққа  жариялауға  құқылы. 

Мүшәйраның кезеңдері: Мүшәйраның I-ші кезеңі 2014 жылдың сәуір айының 1-12 аралығында өткізіліп, жас ақындардың өлеңдері сарапталады. І кезеңнен өткен ақындарға ІІ кезеңге  қатынасу  үшін  шақырту жіберіледі. Мүшәйраның II кезеңі 2014 жылдың  24  сәуір күні өткізіледі.

Жеңімпаздарға тағайындалатын сыйақылар көлемі: Мүшәйра  жеңімпаздары дипломдармен,  ақшалай  және  бағалы  сыйлықтармен  марапатталады.

Ақын  А.Бақтыгереева  атындағы  Бас жүлде  біреу – 80 000 тееңге,
Бірінші орын біреу – 50 000 теңге.
Екінші орын біреу –  40 000 теңге.
Үшінші орын екеу –  20 000 теңге.
Ынталандыру сыйлықтары.
Мүшәйраны ұйымдастыру және өткізу:

Республикалық жас ақындар мүшәйрасын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырып өткізеді. Мүшәйраның қазылар алқасын ұйымдастырушы жақ бекітеді. Қазылар алқасының шешімі қайта қарастырылмайды.
Мүшайраға  қатысушылардың  жол  қаражаты, тамағы, қонақ  үй шығындары  жіберуші жақтың  есебінен  жүргізіледі. Өлеңдерді  мына  мекен-жайға  жолдау  қажет: 090000, Батыс  Қазақстан облысы, Орал  қаласы, Достық  даңғылы 162 үй, 313 бөлме, 3 қабат.

Байланыстар: Филология факультеті:8(7112)51-30-62; Факс 8 (7112) 51-42-66; Жансая  Мусина  Ғалымжанқызы – 87771821530; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. – Зейнолла Жақсылықұлы Мутиев: 8-701-623-07-27; 8-777-797-10-07; e-mail This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. - Ерсайынова Гүлфани Хамзиқызы - Қазақ филологиясының студенттік  деканы: 87753452300.

 

 

№ 1  қосымша

Аты –жөні:____________________________________________________

Туған жылы, айы, күні:__________________________________________

Оқу орны: _____________________________________________________

Мекен –жайы:__________________________________________________

Электронды поштасы:___________________________________________

Байланыс телефондары:__________________________________________

Жеке  куәлігінің көшірмесі:_______________________________________

Пластикалық карточкасының кошірмесі:___________________________

Жетістіктері: __________________________________________________

Фотосы 10х15 форматта және электронды  нұсқада __________________

Студенттік билеттің көшірмесі:___________________________________

 

Қонақүйден  орын  брондау:_________________________________

 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua