Құттықтаймыз!!!
2014 жылдың 10 ақпан мен 31 наурыз аралығында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жариялаған «Болашақтың ғалымдары» атты студенттер арасында табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша республикалық үздік ғылыми жұмыстар байқауының гуманитарлық бағытының қорытындысы бойынша «БҚО тұрғындарының көші-қон көңіл-күйлері» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысымен тарих және құқық факультеті 5В050100 «Әлеуметтану» мамандығының 3 курс студенті Бекетова Фариза жеңімпаз атанды.
Университет ректораты Бекетова Фаризаны құттықтай отырып, ғылым мен білім атты биіктен орын алған жұлдызының одан әрі жарқырауына, еселі еңбегімен сүбелі жетістіктерге жете беруін тілейді!