Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты!

 

Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты!

Ұлт болашағы – жастардың қолында!

«...Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып,

заман ағымына икемделу жақтарын бойға

сіңіруіміз керек...»

Н. Ә. Назарбаев

2017 жылдың басында елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгенін ұғынып, оның жүзеге асырылуына біздер, яғни жастардың, рөлі өте зор екендігін түсіндік.

220219-1220219-2220219-3 220219-4

Осы орайда,14-ақпан күні  т.ғ.к., доцент Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты! Ұлт болашағы – жастардың қолында!» атты студенттермен сұрақ – жауап форматындағы ой толғау дискуссия өткізілді. Оған физика – математика факультетінің 1 – 2курс студенттері және басқа факультеттердің белсенді студенттері шақырылды. Кіріспе сөзді физика – математика факультетінің деканы – Медешова Айгүл Бақтығалиқызы бастады. Дөңгелек үстел қатысушылары елбасымыздың жаңа саяси бағыттағы мақаласы туралы өз пікірлерін ашық айтып, қызу талқылады. Иә, осы мақала аясында елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп отырғаны бәрімізге белгілі. Бірақ, бұл жиыннан алған әсеріміз ерекше. Белсенді студенттер бас қосып, астарлы ақиқат айтылып, көкейімізде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алдық және биылғы жыл – Жастар жылы деп жарияланғандықтан, мақалада көрсетілген міндеттерді орындауға жүрегі «қазақ» деп соғатын, көкірегі ояу, көздерінде жалын оты бар біз секілді жастарға көптеген мүмкіндіктер берілгеніне көз жеткіздік.

Жалпы айтқанда, бұл шара қызықты әрі нәтижелі өтіп, көзделген мақсат орындалды.

 

 

Физика – математика факультетінің

1 – курс студенттері

Зеріпбаева Диана, Құдайберген Альбина

 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua