100 жаңа оқулық – жаңғыру жетістігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мелекеттік университетінің ғылыми кітапханасы мен «Рухани жаңғыру» институтының ұйымдастыруымен оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттермен бірге «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында Стивен Р.Кови «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», Ювал Ноах Харари «Sapiens» : «Адамзаттың қысқаша тарихы» атты кітаптың таныстырылымы өткізілді. Қазақстан Халық Ассамблеясының кафедра меңгерушісі Тұрар Төлегенұлы Шайхиев сөз кезегін бастады. Ғылыми кітапхананың директоры Тоты Еркінқызы кітап қорының саны 19 кітапқа артқанын мәлімдеді. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Журасова Алтынай Шугаевна Ювал Ноах Харари «Sapiens»: «Адамзаттың қысқаша тарихы» атты кітабымен таныстырды. Презентациясы көрсетіліп, кітаптың 4 бөлімін әңгімеледі. Когнитивті, аграрлық, ғылыми революция мен адамзатты біріктіруге қатысты ой толғаныс жасады.

Тарих ғылымдарының магистрі, оқытушы Майманова Нұршат Нұрханқызы және экономика ғылымдарның магистрі, аға оқытушы Егізғалиева Асель Болатханқызы кітап туралы өз пікірін айтты.

«Жасампаз жандардың 7 дағдысы» (Тұлға дамытудың тегеурінді тетіктері) кітабы туралы педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Арыстанғалиева Венера Талғатқызы толықтай мағлұмат берді. Шығарманың құндылығы сол, Әлемнің 40 тілінде 30 млн. данамен таралған. Студенттер арасынан суырылып шығып, кітаптар жөніндегі өз пікірін филология факультетінің 3-курс студенті Каленова Назерке Рахметқалиқызы өз пікірін айтты.

 

Ғылыми кітапхана директоры: Алимбекерова Т.Е.
 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua