Олимпиада үздіктері анықталды

olimpiada 1М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2015 жылдың 26-27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В011600 - «География» мамандығы бойынша VII республикалық пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды.

Олимпиаданың мақсаты болашақ кәсіби мамандардың біліктілігін қалыптастыру мен дамыту үшін оларды ғылымға бейімдеу мен еліміздің жастарының ғылыми әлеуметін кеңейту. Олимпиаданың негізгі міндеттері болашақ мамандардың география саласында  кәсіби біліктіліктерін арттыру,  білімін тереңдету, студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қасиеттерін қалыптастыру, талантты және дарынды студенттерді анықтау және оларға қолдау көрсету.

5В011600-«География» мамандығы бойынша пәндік олимпиада университет базасында үшінші мәрте өтті. Бұл дегеніміз аталмыш мамандық бойынша университетімізде жас ұрпақты дайындауда үлесі зор екендігінің көрінісі.

olimpiada 2 olimpiada 3Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 15  жоғары оқу орындарынан 19 студенттік команда қатысты. Олар: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.), М.Қозыбаев атындағы Солүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Петропавл қ.), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы универсиеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты (Шымкент қ.), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (Ақтөбе қ.), Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.), Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (Тараз қ.), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Атырау қ.), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қ.), Павлодар  мемлекеттік педагогикалық институты (Павлодар қ.), Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті (Түркістан қ.), Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (Семей қ.), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қ,), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал қ.).

Үш кезеңнен тұрған республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі үй тапсырмасы. Мұнда «Астана және Алматы қалаларының қалыптасуы мен дамуының географиялық факторлары» тақырыбы бойынша тапсырмада Астана және Алматы қалаларының қалыптасуы мен дамуының географиялық факторларына негіздеме бере отырып, карталар, сызба-нұсқа, кесте, диаграммалар, космостық түсірілімдерді пайданау арқылы сипаттама жазу болды. Екінші кезең отыз сұрақтан құралған тест тапсырмалары орындалса,  олимпиаданың үшінші кезеңі практикалық бағыттағы, яғни картографиялық және экономикалық бөліктен тұратын 9 тапсырманы қатынасушылар орындады.

Олимпиада тапсырмаларын Ресей Федерациясынан әріптес жоғары оқу орны Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің география кафедрасының ғалымдары дайындады. 

VII республикалық пәндік олимпиадасының қатынасушыларды бағалауға әділ қазылар құрамында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті доценті, география ғылымдарының кандидаты Сергеева Айгул Максатқызы,  М.Қозыбаев атындағы Солүстік Қазақстан мемлекеттік университеті доценті, география ғылымдарының кандидаты Пашков Сергей Владимирович, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті доценті, география ғылымдарының кандидаты Ботбаев Абдулин Керимжанұлы,  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті профессора м.а., география кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Мамирова Кулаш Нурбергенқызы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық  институты аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Налибаев Каримкул Қурбоналиұлы және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті доценттері, география ғылымдарының кандидаттары Амельченко Валентин Иванович пен  Галимов Мирас Амангелдіұлы  болды.

5В011600 - «География» мамандығы бойынша VII республикалық пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша командалық есепте: 

1 орын - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;

2 орын - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемелекеттік университеті;

2 орын - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті;

3 орын - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты;

3 орын - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;

3 орын - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;

Жеке есепте:

1 орын - Никифоров Назим Игоревич - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенті;

2 орын - Абдрасилов Аблай Әділұлы - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті студенті;

2 орын - Бекежанов Ғалымжан Нұрлыбекұлы - Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенті;

3 орын - Шәкір Ерсая Бақбергенұлы - Тараз инновациялық-  гуманитарлық университеті студенті;

3 орын - Снигирева Анастасия Алексеевна - Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті студенті;

3 орын - Кайнарқызы Рза - Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті студенті.

VII республикалық пәндік олимпиадасында жүлделі орын алған қатынасушы жоғары оқу орындарының командаларын жеңістерімен құттықтаймыз!

 

География кафедрасы 

 

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua