М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «1001 мақал 101 жұмбақ» онлайн конкурс ұйымдастырылды

4f442d27-b269-415a-b4cd-3cd909f583d5a9ff9ced-127c-4990-a11b-2a78633f2c5feaf1ee5e-897d-4891-ac45-92e4aeec736ffdc3c8a0-a19f-4096-94ad-a1ff47941982

Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, университет студенттерінің бос уақыттарын тиімді пайдалану, ауыр кезеңдегі уақытта студент – жастардың көңілдерін баулу және ой-өрістерін дамыту, шапшаңдыққа баулу мақсатында жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «1001 мақал 101 жұмбақ» онлайн конкурсы «@makhambet.zhastary» инстаграмм парақшасы арқылы тікелей эфирде оздырылды. Аталмыш конкурсқа университетіміздің 35-тен астам студенттері тікелей эфирге байланысқа шығып, конкурсқа қатысты. Конкурс барысында студенттерге 51 мақал және 30 жұмбақ жасырлыған болатын. Конкурстың шарты смайликтер арқылы жасырынған мақалдарды табу және тікелей эфир арқылы жасырылған жұмбақтардың шешімдерін тікелей эфирде айту болатын. Студенттеріміз белсенділік танытып, 51 мақалдың 30 мақалын және 30 жұмбақтың шешімдерін дұрыс тапты. Бұл конкурс студенттерге әсерлі көңіл және шапшаң ойлау қабілеттерін қалыптастырып, дамытуға септігін тигізді. Конкурс нәтижесі бойынша Аққұлова Дана – «Кітапхана ісі» мамандығының 2 курс студенті және Қуанова Ақтоты – «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенті жүлделі І орынды иемденсе, жүлделі ІІ орынды – Өтепова Ақгүл - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті және Төлеген Әсем – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттері жеңіп алса, Нұрмашева Лунара - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті және Қуаныш Гүлнұр – «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттері жүлделі ІІІ орынды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар барлық белсенді қатысқан студенттерімізге алғыс хаттар табысталатын болады.

         Конкурсқа аса қатты қызығушылықтарын танытқан студенттер онлайн конкурстардың жиі ұйымдастырылып тұруын күтетіндерін және барлық студенттерге онлайн конкурстарға белсенділік танытып, қатысуға шақырды. Бұндай онлайн конкурстар еліміздегі төтенше жағдай аяқталғанға дейін өз жалғасын табатын болады.

 

Тәрбие бөлімінің жетекшсі Ж.Е.Ешимова

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua