Ұлағатты ұстаз мерейлі жаста

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Чечетко Маргарита Владимировнаның 80 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Ұстаздың мерейлі жасымен оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер құттықтады.

Өнегелі шара шетел тілдері кафедрасының оқытушы, магистр И.М. Фроловтың оқуымен Маргарита Владимировнаның «Кто любит меня – за мною!» атты өлең шумақтарымен басталды.

Мерекелік кештің ашылуында университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Т.М. Дәрішева, ғасырға жуық тарихы бар университетте елу жылдан астам ұстаздық қызмет атқарған ардагер ұстаздың өлшеусіз еңбегіне тоқталып, университетіміздің ректоры Н.Х.Серғалиевтің атынан құттықтау хатын табыс етті. Ұстаздың ғалымдық, тәлімгерлік ғибратқа толы өмір жолы, терең тәжірибесі бүгінде ұлтжанды ұрпаққа үлгі екені даусыз екендігін атап өтті. Отандық жоғары білім беру саласында абыройлы ұстаздық қызмет атқарып, ел мүддесі, ұлт мұраты үшін аянбай еңбек еткен білікті ұйымдастырушы, биік парасат иесі ретінде қалың жұртшылықтың сүйіспеншілігіне ие болып отырғанын жеткізді.

Аталмыш мерекелік шарада құттықтау сөз алғандар қатарында ардагерлер кеңесінің төрағасы М.С. Құсайынов, БҚМУ кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қ. Сүлейменов, университеттің филология факультетінің деканы А.С.Муханбеткалиевтер сөз алып, Маргарита Владимировнаға жылы лебіздерін жолдады.

Шетел тілдері кафедрасының ұжымының атынан кафедра меңгерушісі Б.Б.Утегалиева, PhD доктор В.С.Зубков, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А.Мукашев, аға оқытушылар Т.И.Нурушева, С.И.Қадырғалиева, К.М.Шунайбекова, С.Б.Бекмухамбетова, О.Г.Полянина, А.Б.Насимуллина, Р.Г.Шамгонова, Г.А.Турежановалар да жылы лебіздерін білдіріп, Маргарита Владимировнаның ерекше қырларын сөз етіп, құрметтерін білдірді.

Әріптестері шетел тілдері кафедрасының бүгінгідей дәрежеге жетуіне үлкен күш жұмсап, зор үлесін қосқан Маргарита Владимировнаның еңбегін кейінгі ұрпақ, жас буын біліп жүрсе деген тілектерін жеткізді.

«Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығының студенттері дайындаған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, студенттер де ұлағатты ұстазға өздерінің тарапынан алғыстарын білдірді. Концерттік бағдарлама қасиетті домбыра үнімен орындалған Құрманғазының «Адай » күйімен басталып, Маргарита Владимировнаның сүйікті әндері мен өлеңдері оқылды.

Кеш соңында Маргарита Владимировна сөз алып, ризашылығын өзінің өлеңдерімен жеткізді. Мерекелік шараға қатысушылар Маргарита Владимировнаның өзі тарапынан оқыған өлеңдерінен керемет әсерлерімен бөлісті.

Дана халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегенді текке айтпаса керек. Осынау қасиетті мамандықтың қыр-сырын жетік меңгерген, оның суығы мен ыстығына төзе білген, үнемі оқу процесінде білім ғана беріп қоймай, тәрбиенің бағыттарымен ұштастыра алатын, сабақтағы әдіс-тәсілдері мен шығармашылықпен айналысатын ұстаз ғана көптеген жетістікке жетері сөзсіз. Осындай ұстаздардың бірі де бірегейі Чечетко Маргарита Владимировна екені даусыз.

 IMG 3512IMG 3500IMG 3491IMG 3483IMG 3481IMG 3479IMG 3478IMG 3473

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua