ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Студенттерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауының мазмұнымен таныстыру, талдау жасау; Жастардың бойына отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастырып, жас ұрпақты Қазақстан мемлекетін өркендету жолындағы жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Педагогика факультетінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел оздырылды. Оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері қатысқан жиынды Дүниежүзілік тарих және ӘСП кафедрасының доценті Б.Боранбаева ашып, жүргізіп отырды. Жиында алғашқы сөз кезегін алған факультет деканы Ақмарал Сағынтайқызы мемлекет басшысының жолдауының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, көпшілікті ел дамуындағы осы маңызды бастамаларды қолдауға шақырды. Дүниежүзілік тарих және ӘСП кафедрасының доценті Б.Боранбаева қатысушыларды жолдаудың мазмұнымен таныстырып, оның бес тарауында қамтылған еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани және саяси дамуының барлық тармақтары жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Өз кезегінде студенттер қауымы ел Президенті тоқталған еліміздегі жастар саясаты, сапалы білім беру, «Еріктілер жылы», «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы, мұғалімдердің еңбекақысының екі есеге артатындығы төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, пайымды пікірлерін білдірді. Шара соңында студенттерге ой-талқы сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды. Жиын естелік суретке түсумен қорытындыланды.

                                                                                                                                                          

                                                                                                                                                                      Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

                                                                                                                                                                      «Өркен» газеті

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua