Президент Жолдауы талқыланды

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің  негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы  қызу талқылануда. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұстаздары да студенттерге жолдауды түсіндіруде бірқатар жұмыстар атқаруда. Осы орайда 9 қазан күні  жаратылыстану-география факультетінде жолдауды талқылауға арналған шара өтті. Оған факультет ұстаздары мен студенттер қауымы қатысты. Отырысты философия ғылымдарының канидаты, доцент Гульнара Мулдашева кіріспе сөзімен бастап, «Единство нации – в ее многообразии»  тақырыбында баяндама оқыды. Ол өз баяндамасында жолдауда айтылған негізгі мәселелерге тоқталып,  ел Президентінің  үкіметке қойып отырған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген  тапсырмаларын түсінікті етіп жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында ұстаздар мен студенттер жолдаудағы негізгі міндеттерге қатысты баяндамалар оқып, өз ойларын ортаға салды. Атап айтар болсақ,  тарих магистрі,  дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер  кафедрасының оқытушысы Жадыра Калиева «Жолдау – 2019: әлеуметтік дамудағы жаңа мүмкіндіктер», «Әлеуметтану»  мамандығының 4-курс студенттері Айкөркем Батырханқызы «Жолдау бойынша мемлекетіміздегі әлеуметтік мәселелердің шешілу жолдары», Ажар Кенжетайқызы «Әлеуметтік саясатты жүргізудегі басымдықтар», «Биология» мамандығының 3-курс студенті Жұлдыз Өтелгенова «Әлеуметтік жаңғырудағы жаңа Қазақстан», «Экология»  мамандығының 1-курс студенті Ақкүміс Жасанова «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» тақырыптарында баяндамаларын баяндады.Шара соңында студенттер  Мемлекет басшысының тың бастамалар көтеріп, барша қазақстандықтар алдына үлкен міндеттер қойып отырған бұл жолдауын бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

                                                                                                                                                                                Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

                                                                                                                                                                               «Өркен» газеті

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua