Даналықтың рухани нәрі

kydyrshaev2

Көрнекті ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы қазіргі Ұлы Даламыз - Қазақ елінің аумағындағы Отырар қаласында туған. «Адамзаттың екінші ұстазы», «Шығыстың Аристотелі» атанған энциклопедист ғалым, Ислам пәлсапасының алып қайраткерінің толық тегі, аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки. Ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби һижра жыл санауы бойынша 329 жылы Дамаскіде қайтыс болып, сол жерде жерленген, кесенесі де сол жерде. Кемеңгер ұстаздың туған жері, балалық шағы, есімі, өмірден озуы өз алдына бөлек әңгіме.

Бүгінде бізді «көп ойласаң, дана боларсың» қағидасына сай, Әбу Насыр әл-Фараби ойшылдығы, ғұламалығы таңғалтпай қоймайды. Тұңғиық терең білімқорлыққа қалай қол жетпек. Туа біткен таланттылық па. Дау жоқ, жаратылысы бөлек тұлға. Ақиқаты – Әбу Насыр әл-Фарабидің тұңғиық ғұламалығы, теңіздей терең білімпаздығы білуге, білім-ғылымды игеру, меңгеру құмарлығының ағыл-тегілділігінде. Ал жас өскін ұрпақ бойына осы ізгі құмарлық, игі ынтызарлық қайдан жұғысты болмақ. Ұстаздан, жақсы ұстаз өнегесінен. Ұстазы мықтының ұстамы мықтылығы содан. Ойлантпай қоймайды. Десек те, зерттеушілер әл-Фарабиді өздігінен шарқ ұра іздене жүріп, басын тауға да, тасқа да соға жүріп, аса табандылық танытуымен жетілген ғалым деседі. Мәселен, айтулы тарихшы Ибн Халликанның жазбаларына сүйенсек, әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасын» 40 рет, «Жан туралы» туындысын 100 рет, ал «Риторика» атты трактатын 200 рет оқығаны туралы дерек келтірілген. Неткен табандылық десеңізші! Тіпті, бізге жеткен деректерге үңіле бағдарласақ, ғұлама Әбу Насыр сөз қадірін ерекше жоғары бағалаған, ғалымды ағылтегіл, аста-төк байлық емес, уақыт қадірі, адамдық биік парыз терең ойлантқан. Қарапайым да қанағатшыл болған. Қолға алған, бастаған ісін жалғастыруды, тереңдетуді, жазбаларының қалың көпшілікке қолжетімді әрі түсінікті болуын ойлаған. Қысқасы, ғұлама ойшыл қара қарынның тойғанына мәз болмаған, қара басының амандығын ғана ойламаған. Жаратушы Тәңіріне тағызым ете білген. Ғұламаны руханият мәселесі ерекше толғантқан. Нәтижеде әл-Фарабидің ғылыми мол мұрасы бүгінде бүкіл әлемдік ғылым дамуының тарихи ігетасы, бастау көзі ретінде бағаланған. Ұлы ойшылдың 160-тан астам трактатында көрініс тапқан шығармашылық мұрасы ғылым атаулының негізгі бағыттарын дамытуға ерекше ықпал еткен. Ғалым математика, физика, метафизика, филология, химия, биология, философия, астрономия, минерология, медицина, логика, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, дінтану, музыка, этика және тағы басқа да салаларға өлшеусіз үлес қосқан. 

Жалғасы 5–бетте

 

Сауалнама - Анкета

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua