Оралда жоғарғы оқу орны кітапханаларына қатысты халықаралық конференция өтті

Оралда жоғарғы оқу орны кітапханаларына қатысты халықаралық конференция өтті

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында 2019 жылдың 10-11 қазанында жоғары оқу орындары кітапханалары басшылары мен мамандарының  «Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.Конференцияның жұмысына Қазақстан және Ресей жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары, облыстық, қалалық кітапханаларының қызметкерлері, колледж кітапханашылары, Мәдениет және өнер факультетінің «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысты.

«Үш қоңыр» газеті

VIRTUAL TOUR

PARTNERS

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua