Педагогика және психология кафедрасындағы әдістемелік күндер

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері  5-8 маусым аралығында семинар өткізді. Семинарға университеттің педагогика және психология кафедрасының ғалымдары мен магистр-оқытушылары қатысты. Семинардың мақсаты -  Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің жаңартылған бастауыш білім беру мазмұнын оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдерін үйрену.

«Жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы: ерекшелегі, оқыту түрлері,  оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы семинарда жаңартылған білімнің тұлғалық-бағдарлы және іс-әрекеттік тұрғылары талқыланды, оқытудың жаңа тәсілдері сынақтан өткізілді, оқытудың принциптері қарастырылды. Оған қоса семинарды өткізген өзі бастауыш мектепке сабақ беретін тренер Габдрахманова Б.Т. әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану, қазақ тілі және т.б. сабақтарды өткізуде құрылатын Ұзақмерзімді жоспар, Ортамерзімді жоспар, Қысқамерзімді жоспар құруды студенттерге үйретудің мүмкін болатын жолдарын көрсетті.

 

32 сағатқа жоспарланған оқыту семинары нәтижесінде кафедра оқытушыларына Педагогикалық шеберлік орталығының сертификаттары табысталды. 

DSC07577

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua