"Студенттік көктем-2018"

Студеттік кездің балғын кезеңі 1-курстағы сәттер болса, сол балғын шақты әдемі өрнектермен безендіретін факультет араларындағы байқаулар.

Бүгінгі кезек "Студенттік көктем-2018"- ге келді. Барлық факультет студенттері достық ниетпен, өз факультетіне деген жанкүйерлікпен бас ғимараттың акт залында жиналды. Ашылу салтанатында Жастар ісі жөніндегі департамент жетекшісі Дүйсенбаев Төрехан Ерсайынұлы сүбелі сөз сөйлеп студенттер мерекесін бастап берді. "Жүйріктен жүйрік озар шапқан кезде" деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай, шын жүйріктерді анықтайтын байқаудың ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтіп, өнрпаздар өз өнерлерін көрсетті.

Одан кейін сәлемдесу бағыты бойынша байқау басталмастан бұрын қара қылды қақ жарған әділ қазылар алқасын көрермендерге таныстырып өтті. Шын жарыс содан соң басталып кетті. Бірінші болып жаратылыстану- гоеграфия факультеті бастап ары қарай физика-математика факультеті , тарих, экономика және құқық факультеті, филология факультеті, педагогика факультеттері жалғастырды.

Осы апта бойы дүрілдеп өтетін студенттер мерекесіне , оған қатысушы факультеттерге сәттілік тілеп, шын жүйріктер анықталсын дейміз.

 

Қаленова Назерке Рахметқалиқызы, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua