Әлемдік деңгейдегі көрмеге саяхат

Еліміздің Астана қаласында тұңғыш өткізіліп отырған «Future energy» (Болашақ энергиясы) атты EXPO-2017 көрмесіне, 18-22 маусым аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім жетекшісі Жақсығалиева Альфия Сырымқожақызы бастаған 15 студент қатысып келген болатын. 3 күнге созылған бұл сапар өте қызықты да қуанышты сәттермен өтті. Алғашқы күні әсем қала Астанамыздың тарихымен таныстырды. Бірнеше жылдың ішінде көптеген ғимараттар бой көтеріп үлгеріпті. Астанаға алғаш келген қонақтар үшін ерекше әсер қалдырды. Нағыз қызықты күндер 21 маусым күні басталды.

Бұл күні ертемен көрмені аралауға дайындық басталды. Көрмеге келген кездегі әсер сөзбен айту мүмкін емес, әркім барып өз көзімен көргені абзал.Қысқа уақыт аралығында бірнеше гектар жерге сәулеті, дизайны, сән-салтанаты келіскен әртүрлі павильондар салынған. Еліміздің ордасында, қазағымыздың төрінде әлемді таңдай қызығардай көрме болып жатырғанын көргенде кеудеңде мақтаныш сезімі келеді. Бұл көрмеде басты түйген маңызды нәрсе тегін беріліп жатқан мүмкіндіктерді, энергияны тиімді пайдалана алу.

expo1Яғни күн, жел, су күштерін пайдалана отырып, энергияны өндіру. Әртүрлі павильондарды аралай отырып, бұл жалпыға ортақ міндет әрі қолға алынып жатқан мәселе деп ұйғардық.

«Біз үшін үлкен мереке болды. Экспо-2017 көрмесін тамашалауға келдік. Қалашыққа кірсеңіз, көз тартарлықтай. Қазақстанда емес, бір шетелде жүргендей әсерде қалдырады. Барлық ел келген болса, біз сол елдердің павильондарын араладық. Алдымен, әрине, «Нұр Әлем» павильонын көріп шықтық. ЭКСПО-2017 – біз үшін берілген үлкен мүмкіндік болды. Ел ішінде көп түрлі пікірлер айтылды. Соның ішінде сыни пікірлерде болды. Бұл аталғандардың орын алуы заңдылық. Бірақ, менің пікірім мынадай: «қажет емес, ақша босқа шашылатын болды, оның бізге не керегі бар» деп кері тарта бермей, ел болып жұмылып, бұл мүмкіндікті шын мәнінде ұтымды пайдалануға тырысу керек» - педагогика факультеті, педагогика және психология мамандығының, 2 курс студенті Аманқос Асылханым Ерболатқызы.

expo2

«ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі маған қатты ұнады. Өйткені көрменің басқа көрмелерге қарағанда ерекшеліктері жетерлік. Әр елдің павильондарына кірген кездегі сезім ерекше. Еліміздің бас қаласы Астанада болып жатырған халықаралық көрменің жоғарғы деңгейде өткізілуі тәуелсіз еліміздің осы кезге дейінгі үлкен еңбегінің арқасы деп ойлаймын» - педагогика факультеті, дене шынықтыру және спорт мамандығының 3 курс студенті Наурзбаев Нурлыбек Нургалиевич.

expo3

«"Болашақтың энергиясы" тақырыбында өткізіліп жатқан "Экспо-2017" халықаралық көрмесінің жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанына көзіміз жетті. Өзге елдің павильондарынан, әрине, өз еліміздің көрсетілімі көпшіліктің назарын аудартты. "Балама энергияны дамытуды" мақсат тұтқан еліміздің ұшқыр идеяларына тәнті болып келдім. Әлемнің түкпір - түкпірінен келген қонақтарды елордамыз Астана да өзіңе ғашық етуде. Осы кезге дейін кейбір көрме туралы айтылған сын - пікірлерді көрменің әдемілігі, өте жоғары деңгейде өтіп жатқындығы және халықтың ағылып келуі ақтағандай. Қазақстанымызды төрткүл дүниеге танытып жатқан көрмеге барша отандастарымызды, соның ішінде жастарымызды шақырамын!» - педагогика факультеті, педагогика және психология мамандығының, 3 курс студенті Мүсірова Зердегүл Алпысбайқызы.

expo4

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua