Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да Тұңғыш Президент күніне арналған жиын өтті

1543554111 article b 1500

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Президент – Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Жиынды ашқан университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов Тұңғыш Президент күні – мемлекеттік билік институтының символы, Тәуелсіздік іргетасын бекіте түскен мәртебелі мейрам екенін айтып, ұжымды құттықтап өтті.

- Қазақстандағы ең көне жоғары оқу орындарының бірінен саналатын Махамбет Өтемісұлы университеті Мемлекет басшысы жүргізіп келе жатқан барлық бастаманы қызу қолдайды. Өйткені бұл реформалар – әр адамның көкейіндегі арман-мақсатқа жақындата түседі, - деді Қажымұрат Мақсұтұлы.

Жиында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллин сөз алып, Ақ Жайық өңіріндегі мемлекеттік қызметшілердің бүгінгі күн талабына сай жұмысына сараптама жасады.

Тарих ғылымдарының магистрі Даниял Танзенов болса Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқының рухани жаңғыруына қосқан үлесі туралы тарихи тұрғыдан сөз қозғады. Елбасының қазақ қоғамының тұрақтылығын сақтаудағы еңбегі гуманитарлық білім магистрі Гүлбарам Жәлекенованың баяндамасына да өзек болды.

Ал Батыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық жетілдіру басқармасының бас маманы, экономист Нұрлан Ташкенов елімізде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып берді. Жиналғандар заң ғылымдарының магистрі Дәурен Сағынғалиевтің «Жаңа келбеттегі Қазақстанның жаһанға танылуы» атты баяндамасын да ықыласпен тыңдады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

 

Мақалаға сілтеме

 

47183833 346675989399685 2344684485825527808 o

47093774 346676872732930 3814510925461848064 o

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua