«Серпін» жастарының жиналысы өтті

2018 жылдың 6 ақпан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде "Мəңгілік ел жастары индустрияға!"-"Серпін-2050" əлеуметтік жобасы негізінде білім алып жатқан 1-курс студенттері мен жоғарғы курстың белсенді студенттерінің басын қосқан жиын өтті. Жиын барысында "Мамандық сардарлары" лауазымына студенттерді тағайындау жайында сөз етілді. Аталмыш сайлау кеше ғана университет табалдырығын аттаған 1-курс студенттеріне мол мүмкіндік əкелетіні сөзсіз. Атап айтқанда, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту, кіл жүйріктер арасында жүріп көшбасшылық қабілетті дамыту, көптеген достар табу жəне де ең бастысы - студенттік өмірді тəтті естеліктермен есте қаларлықтай етіп өткізуге ықпал етеді."Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілгелі отырған бұл сайлауда 15 мамандықтың сардарлары тағайындалмақ. Бүгінгі жиынға қатысқан 50-ге жуық студенттердің басым көпшілігі сайлауға қатысуға ниет білдірді.

"Мамандық сардары" мəртебесі, əрине, үлкен жауапкершілік пен тиянақтылықты талап етеді. Мəртебені мойнына алған адам өз ісін өте мұқият орындауға тиіс. Жиында бұдан бөлек, басқа да лауазымдарға сайлау, күн тəртібінде тұрған жоспарлар талқыланды. Бүгінгі жиын, бір сөзбен айтқанда, студенттердің өз ойларын ортаға салып, таңдау жасаған, оларды кемел келешек пен баянды болашаққа баулыған жиын болды. Ендеше, сайлауға түскелі жатырған барлық студенттерге сəттілік! "Серпіннің" көркеюіне бірге үлес қосайық!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua